Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне түскен өтініштер бойынша 2018 жылдың 1 тоқсаны үшін талдау

2018 жылғы 1 тоқсанда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі-Департамент) жеке және заңды тұлғалардан 1611 өтіні келіп түсті (2017ж.-1430). Олардың ішінде зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша 1486 өтініш (2017ж.-1283), мүгедектікті белгілеу және растау мәселелері жөнінде 122 (2017ж.-140), әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша-1 (2017ж.-2), әр түрлі сұрақтар бойынша 2 (2017ж.-5). Жазбаша өтініштердің саны 1604 (2017ж.-1409), ауызша 7 (2017ж.-21). Мемлекеттік тілде түскен өтініштердің саны 19 (2017ж.-19), орыс тілінде 1592 (2017ж.-1411).

Жазбаша өтініштер саны ішінен 1536 өтініш қаралды (2017ж.-1351), олардың ішінде 352 өтінішке түсіндірме берілді (2017ж.-439), қанағаттандырылған өтініштер саны-77 (2017ж.-87), тиістілігі бойынша жіберілген өтініштер саны 1107 (2017ж.-824), бас тартылды-0 (2017ж.-1). 15 күнге дейін 1536 өтініш қаралды (2017ж.-1351), 30 күнге дейін -0 (2017ж.-0).    

Келіп түскен өтініштердің жалпы саны ішінен 488 өтініш (2017ж.-571), 6- шағым (2017ж.-9), 1117 -басқа да өтініштер (2017ж.-850). Шағымдар зейнетақы төлемдерінің тағайындалуымен және мүгедектік тобын белгілеуімен келіспеу  мәселелеріне қатысты болды. Зейнетақы және медициналық істерінің материалдарын тексеру қорытындылары бойынша өтініш берушілерге заңанамалық актілерге сілтеме жасалып толық жазбаша түсіндірмелер жіберілді.

Сонымен қатар, Департаментте халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ, қала кәсіпорындары  және ұйымдар ұжымдарымен кездесулер өткізіледі. 2017 жылғы 1 тоқсанда халықпен 4 кездесу (2017ж.-3), ұжымдармен 10 (2017ж.-16) кездесу өткізілді; телеарналардан сөз сөйлеу саны- 2 (2017ж.-1); баспа-басылымдарда 1 мақала шықты (2017ж.-1); меморгандардың кеңестеріне қатысу- 0 (2017ж.-0).  Одан басқа, Департамент, Облыстық ардагерлер кеңесі, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өкілдерінен құрылған арнайы комиссиясымен айына 2 рет зейнетақы сұрақтары бойынша халықтың қабылдануы жүргізіледі. Келіп түскен өтініштер саны ішінен зейнетақы және жәрдемақыларды тағайындау сұрақтарының 90  % еңбек кітапшадағы қате жазуларға байланысты еңбек өтілді есептеуіне қатысты болды. Осы өтініштер бойынша заңды фактіні анықтау үшін сот органдарына өтіну қажет екендігі туралы ұсынымдар беріледі.

Медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне түсетін өтініштер негізінде мүгедектік туралы анықтаманың жоғалуына байланысты мүгедектік тобын растауына қатысты болды.        

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015ж. 30 қаңтардағы №44 бұйрығының 36-т. бойынша мүгедектік туралы анықтамасы жоғалған кезде мүгедектіктін жазбаша расталуы беріледі.

Сонымен қатар, медициналық ұйымдармен медициналық-әлеуметтік сараптамаға дәлелді жіберу және МӘС-қа құжаттарды сапалы толтыру, Медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу ережелерін түсіндіру жөнінде үнемі семинарлар өткізіледі.

Департаментке келіп түскен өтініштер, соның ішінде электрондық порталдан,   электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (ЭҚАБЖ) уақытылы тіркеледі. Өтініш берушілерге (жазбаша өтініштер бойынша) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу ережелеріне сәйкес, бірегей нөмірі көрсетілген, өтінішті қабылдау туралы талон беріледі. 2018 жылғы 1 тоқсанда 304 талон берілді (2017ж.-386).

Департаменттің құзырына қаралуы жатпайтын өтініштер 3 жұмыс күні ішінде тиістілігі бойынша басқа органдарға қаралу үшін уақытылы жіберіледі. Бұл жөнінде өтініш берушілерге олардың өтініштері басқа субъектілерге қаралу үшін жіберілгені туралы хабарланады. Тиістілігі бойынша жіберілген өтініштердің негізін РФ зейнетақы қорларынан келіп түскен өтілді растау туралы мұрағаттық анықтамаларды ұсыну мәселесі жөніндегі сұраныстар құрайды. 1 тоқсанда 1129 сұраныс түсті (2017ж.-858).

Өтініштерге берілген жауаптарда өтініш берушілерге қабылданған шешімге шағымдану құқықтары түсіндіріледі. Өтініштерге жауаптар өтінген тілде,  грамматика және стилистика ережелері сақталуымен беріледі.

 

Қаржы және ұйымдық-техникалық

қамсыздандыру бөлімінің

бас маманы

Айдаркенова Ж.