Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру жөнінде семинар

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру  жөнінде семинар

2018 жылғы 30 мамырда Астана қаласының 20 жылдығына және Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бас маманы Дәулет Айдарбекұлы Темірболат Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында ол барлықтарын  Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың 2017 жылғы 26 қазандағы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» №569 Жарлығымен таныстырды, сонымен қатар жаңа әліпбидің ерекшеліктері туралы түсіндірме берді.

Кездесуге сондай-ақ  "Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы" қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының мүшесі Сыздықов Болат Сакенұлы шақырылды. Ол өз сөздерінде қазақстандықтардың ұлттық бірегейліктерін қалыптастыруда, қазiргi заманғы жаhандану және цифрландыру жағдайындағы латын әліпбиінің ұтымды жақтары туралы сөз қозғады.

Департамент қызметкерлері қызығушылықпен белсенділік танытты, латын графикасына көшу жөнінде өз оң ойларын білдірді, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, олардың барлығына толық жауап алды.

          Кездесу соңында қатысушылар слайдтарды көріп шықты.   

Қазақ