Шарбақты ауданындағы көшпелі отырыс

Шарбақты ауданындағы көшпелі отырыс

 2019 жылғы 8-9 тамызда бекітілген кесте бойынша № 5 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі ауруларды және мүгедектерді куәландыру, композиттік қызмет көрсету мақсатында көшпелі отырыс өткізу үшін Шарбақты ауданына барды.

Барлық куәландырылған мүгедектер саны – 14 адам, оның ішінде алғашқы рет мүгедек болып танылғандар –4 адам, 6 оңалтудың жеке бағдармасы әзірленді, 2 композиттік қызмет көрсетті.

Сонымен қатар, № 5 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары ШЖҚ "Шарбақты аудандық орталық ауруханасы" КМК дәрігерлеріне "Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы тақырыбы бойынша семинар –кеңес өткізді.

         Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 271 бұйрығына сәйкес, протездік-ортопедиялық көмек және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды ұсынуға медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер мынадай мазмұндағы 4.5-1-жолмен толықтырылған:

      "

4.5-1

Spіna bіfіda диагнозы бар мүгедек балаларға арналған бір рет қолданылатын катетерлер

Spіna bіfіda диагнозы бар мүгедек балаларда қуықты өздігінен босатуға толық немесе жартылай қабілетсіз болған кезде

 

 

 

Қазақ