Меморандум жасасу

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаменті мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің арасында халықты әлеуметтік қорғау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумын жасасу

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2016 жылғы 12 мамырда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаменті мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің арасында халықты әлеуметтік қорғау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумын (бұдан әрі - Меморандум) жасады. Бұл Меморандумның мақсаты, заңнамамен белгіленген тәртіпте халықты әлеуметтік қорғау саласында  азаматтардың  құқығын қорғау жөніндегі өзара міндеттемеге сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл мәселелерінде өзара іс-әрекеттесуді дамыту және жақсарту үшін, Тараптар ынтымақтастығының  әлеуетін біріктіру болып табылады. 2016 жылғы 13 мамырда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінде, жоғарыда аталған Меморандуммен ұжымды таныстыру жөнінде семинар-кеңес өткізілді. Семинар барысында осы құжаттың негізгі ержелері айтылып, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында департамент жұмысы бойынша ұсыныстар берілді.

ТіркемеКөлем
PDF icon kaz_1.pdf185.05 KB