Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің 2018 ж. 9 ай үшін жұмысы туралы ЕСЕБІ

Медициналық-әлеуметтік сараптама

2018 жылғы 9 айы үшін облыста МӘС аумақтық бөлімдері өткізген куәландыруларының нәтижелері бойынша – 1353 адам алғашқы рет мүгедек болып танылды (2017 ж. 9 айы үшін – 1263), соның ішінде  ересектер арасында – 1133 (2017 ж. 9 айы – 1041), балалар арасында – 220 (2017 ж. 9 айы үшін –  222) мүгедек бала танылды.

Барлық тұрғындар арасында қарқынды көрсеткіші– 17,9 (2017 ж. 9 айы үшін – 16,6)

Мүгедектікке алғашқы рет шығу құрылымында ересектердің арасында келесі аурулардың жеке түрлері байқалады:

– қатерлі ісіктері – 319– 28,2% (2017 ж. 9 айы үшін –250– 24,0%),

– қан айналымы жүйесінің аурулары – 267 – 23,6 % (2017 ж. 9 айы үшін – 279 – 26,8 %),

– жарақаттар  –104 – 9,2 % (2017 ж. 9 айы үшін – 96 – 9,2 %).

 2018 ж. 9 айы үшін мүгедектікке алғашқы рет шығу құрылымында  ересектердің арасында алдынғы орынды қатерлі ісіктері алады.

Мүгедектікке алғашқы рет шығу құрылымында балалар арасында келесі аурулардың жеке түрлері байқалады:

– жүйке жүйесінің аурулары– 59–26,8% (2017 ж. 9 айы үшін – 51–23%),

– дамудың туа біткен кемістіктері, қисаюлар және хромосомалық ауытқулары – 51–23,2% (2017 ж. 9 айы үшін –42–18,9%),

– психикалық бұзылулар мен мінез-құлық бұзылулары– 43–19,5% (2017ж. 9 айы үшін – 43–19,4%).

2018 ж. 9 айы үшін мүгедектікке алғашқы рет шығу құрылымында балалар арасында алдынғы орынды жүйке жүйесінің аурулары алады.

Ересектер арасында алғашқы рет 1133 адам мүгедек болып танылды (2017 ж. 9 айы үшін-1041):

  • бірінші топ –273– 24,1 % (2017 жылғы 9 айы үшін –234– 22,5 %),
  • екінші топ– 651–57,5 % (2017 жылғы 9 айы үшін 579–55,6%),
  • үшінші топ– 209-18,4 % (2017 жылғы 9 айы үшін – 228– 21,9%).

2018 жылғы 9 айы үшін барлық тұрғындар арасында қайта куәландырылғандар – 4248 адам, мүгедек деп танылғандар – 4018 адам  (2017 ж. 9 айы үшін барлық тұрғындар арасында қайта куәландырылғандар – 4476 адам, мүгедек деп танылғандар – 4239 адам).

Барлық тұрғындар арасында толық оңалту көрсеткіші –5,4% (2017ж.9 айы үшін–5,3 %) құрады.

Барлық тұрғындар арасында ішінара оңалту 10,9  % (2017ж. 9 айы үшін –9,6 %) құрады.

2018 жылғы 9 айы үшін барлық тұрғындар арасында жағдайдың ауырлауы 5,2% (2017ж. 9 айы үшін - 4,8 %) құрады.

2018 жылғы 9 айдың ішінде МӘС бөлімдерімен әлеуметтік оңалту бойынша 2704–50,3% ОЖБ, кәсіптік оңалту бойынша–90–1,7% ОЖБ әзірленді.

ОЖБ-ның медициналық бөлігі бойынша орындалуы–94,9 %,  әлеуметтік бөлігі бойынша орындалуы –69,4%  және кәсіптік бөлігі бойынша орындалуы  –78,6% құрады.

Нәтижесінде:

•  мүгедектікке бастапқы шығу көрсеткішінің көтерілуі   90 адам санына-  7,1%.

•  толық оңалту 5,4% құрады.

•  ішінара оңалту  10,9 % құрады.

                                                                                  

Зейнетақымен қамтамасыз ету

2018 жылы 9 айы үшін ағымдағы тағайындау істері бойынша барлығы 60007 төлемақы бекітілді.

Зейнетақы төлемдері. 2018 жылы 9 айы  үшін  10412 іс бекітілді. Олардың ішінен жаңа тағайындауды 3235 іс құрады, қайта қарастырылған істер саны 7177. Өткен жылдың  ұқсас кезеңімен салыстырғанда қайта қарастырылған істер саны 40 %ға төмендеді, ал қайта қарастырылған істер саны 20 % төмендеді. Тағайындалған істер санының төмендеуі 2018 ж.1 қантардан бастап әйелдердің зейнетақы жасы өсуіне байланысты.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар. Барлығы 8844 төлем бекітілді, олардың ішінен жаңа тағайындауды 1556 іс құрады, қайта қарастырылған істер саны 7288 құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қаралған және  тағайындалған әлеуметтік төлемдердің саны 22%-ға төмендеді.

№ 1, 2 Тізімдері бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар.    №1 Тізім бойынша 13 іс тағайындалды, ал № 2 Тізім бойынша 9 іс тағайындалды,  22  іс бойынша тағайындаудан бас тартылды. Бас тартудың негізгі себебі – арнаулы өтілдің жеткіліксіз болуы, жұмыстың ерекше сипатын растайтын құжаттардың жоқ болуы. Тағайындаудың саны  25 % төмендеді, бұл қолданыстағы заңнамамен талап етілетін жалпы және жеңілдік өтілімдерінің жоқ болуына байланысты.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар. Қаралған істердің жалпы саны 3810. Олардың ішінен 1316 іс тағайындалды. Арнайы комиссияның шешімі негізінде 112 іс бойынша бас тартылды.

Республикалық бюджеттен төленетін баланың тууына және оның күтіміне байланысты жәрдемақылар. Есепті кезең үшін 8808 төлем тағайындалды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тағайындаудың саны 4 %-ға төмендеді.

Көп балалы анаға берілетін жәрдемақы. Есепті кезең үшін 223 төлем тағайындалды.

Мүгедек - баланы тәрбиелеуге төленетін жәрдемақы. Есепті кезең үшін барлығы 706 іс тағайындалды. Соның ішінде 706 адам алғашқы  рет өтінушілер,  былтырғы кезеңмен салыстырғанда тағайындау саны 6 %-ға өсті.

Ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға төленетін біржолғы ақшалай өтемақылар. Есепті кезең үшін 936 төлем тағайындалды.

Жерлеуге төленетін жәрдемақылар. Барлығы 3912 төлем бекітілді.

           Тексеріс. Есепті кезең үшін зейнетақыны тағайындауға тапсырылған құжаттардың дұрыстығын тексеру мақсатында 285 зейнетақы ісі бойынша тексеріс жүргізілді.

Заңды тұлғалардан түскен 3135 сұранысқа жауаптар дайындалды.

Азаматтардың хаттарымен және өтініштерімен жұмыс. Шет елдерден түскен сұрауларды есепке алғанда  4410 жазбаша өтініштер қаралды. Негізгі бөлігін архивтік анықтамалардағы, еңбек кітапшадағы жазулардың құқылығын анықтау мәселері құрады және  оларды шешуді ұсынды. Сонымен қатар, зейнетақыны тағайындау және әлеуметтік төлемдердің мөлшерінің артуы және тағайындау тәртібі туралы мәселелерімен шағымданады.

Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар болған жоқ.

Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуде белгіленген мерзімдерді бұзуға байланысты қаралған өтініштер болған жоқ.

Ақпараттық-түсіндірме жұмысы

  1. 2018ж. 17.01. Железин, Ақтоғай және Успенка ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді. Ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу шеңберінде Департамент басшысы Е.Губарев және Департамент басшысының орынбасары Г.Дмитриева зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы жөнінде сөз сөйледі.
  2. 2018ж. 16.01. «ERTIS» Павлодар облыстық телеарнасында Департамент басшысы Е.В.Губаревтің қатысуымен «Открытый разговор» бағдарламасында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2018 ж. 10.01 «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Саяси әлеуметтік» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы  тікелей эфир өтті. 
  3. 2018ж.13.02. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Павлодар облысы бойынша филиалы-«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаментінің ғимаратында №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Л.Муликованың қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде семинар-кеңес өткізілді.
  4. 2018ж. 16.02. зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы бойынша Департамент басшысының орынбасары Г.Дмитриеваның қатысуымен «Мемлеккттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Павлодар облыстық филиалында «Ашық есік күні» өтті.
  5. 2018ж. 15.03. зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы бойынша Департамент басшысының орынбасары Г.Дмитриеваның қатысуымен «БЖЗҚ» АҚ Павлодар облыстық филиалында «Ашық есік күні» өтті.
  6. 2018ж.16.03. «ГП Павлодар жүк тасымалы бөлімшесі» филиалы еңбек ұжымымен кездесу өткізілді. Кеңес барысында Департамент басшысының орынбасары Г.Дмитриева зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы жөнінде сөз сөйледі. 
  7. 2018ж. 20.03. Лебяжье ауыданның тұрғындарымен кездесу өткізілді. Ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу шеңберінде Департамент басшысының орынбасары Г.Дмитриева зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы жөнінде сөз сөйледі.
  8. 2018ж. 27.03. зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы бойынша Департамент басшысы Е.В.Губаревтің қатысуымен «БЖЗҚ» АҚ Павлодар облыстық филиалында «Ашық есік күні» өтті.
  9. 2018ж. 29.03. «Ирбис» Павлодар облыстық телеарнасында Департамент басшысы Е.В.Губаревтің қатысуымен«Интересно знать» бағдарламасында тікелей эфир өтті, осы эфир барысында зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы жөнінде толық түсіндірмелер берілді.
  10. 2018ж.05.04. зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы бойынша Департамент басшысы Е.В.Губаревтің  қәсіподақ, мәдениет, және спорт өкілдерімен кездесу өтті
  11. 2018ж.06.04 Новочерноярка а\о Кіші және орта бизнес өкілдерімен Департамент басшысы Е.В.Губаревтің кездесу өтті зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы бойынша
  12. 2018ж.12.04 Мичуринка а\а әкімшіліктің жұмыскерлерімен Департамент басшысы Е.В.Губаревтің кездесу өтті зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы бойынша
  13.  2018ж.14.05   «Май ауданының аппараты» өкілдерімен зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы бойынша Департамент басшысы Е.В.Губаревтің  кездесу өтті
  14. 2018ж.13.06 Шарбақты ауданының аппарат өкілдерімен Департамент басшысы Е.В.Губаревтің зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы бойынша кездесу өтті
  15. 2018ж.14.05презентация өткізу шеңберінде ынтымақтастық туралы меморандумға және арасындағы қарым-қатынасты «БЖЗҚ» АҚ және Павлодар облысы әкімдігі, Департамент басшысы Е.Губарев қатынасты.
  16. 2018ж.15.05. «ERTIC» Павлодар облыстық телеарнасында Департамент басшысының орынбасары Г.Дмитриеваның  қатысуымен «Ашық сөйлесу» бағдарламасында тікелей эфир өтті зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы жөнінде толық түсіндірмелер берілді.
  17. 2018ж.21.05 «Ирбис» Павлодар облыстық телеарнасында Департамент басшысының орынбасары Г.Дмитриеваның  қатысуымен зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы жөнінде толық түсіндірмелер берілді.
  18. 2018ж.15.05. Ақтоғай ауданының тұрғындарымен кездесу өткізілді. Ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу шеңберінде Департамент басшысы Е.Губарев зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы жөнінде сөз сөйледі.
  19.   2018ж.06.04 Новочерноярка а\о Кіші және орта бизнес өкілдерімен Департамент басшысы Е.В.Губаревтің кездесу өтті зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы бойынша
  20.    2018ж. 23.07 «Қазақ зағиптар қоғамының Павлодар оқу-өндірістік кәсіпорыны» ЖШС;
  21.   2018ж. 24.07 «Пик-Тайм» ЖШС және «№ 11 Бала-бақша» МҚКК
  22. 2018ж.27.07. «Каустик» АҚ еңбек ұжымымен кездесу өтті.
  23.  2018ж.01.08  «ERTIC» Павлодар облыстық телеарнасында Департамент басшысының орынбасары Г.Дмитриеваның  қатысуымен «Ашық сөйлесу» бағдарламасында «ҚР Зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер» тақырыбында тікелей эфир өтті.
  24.  2018ж.06.08 «Ирбис» Павлодар облыстық телеарнасында Департамент басшысының орынбасары Г.Дмитриеваның  қатысуымен «ҚР Зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер» тақырыбында тікелей эфир өтті.
  25. 2018ж.17.08 «Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы» және 2018ж.01.07. бастап базалық зейнетақы төлемдері мөлшерінің өзгеруі бойынша Департамент басшысының орынбасары Г.В.Дмитриеваның  қатысуымен «Павлодар облысының кәсіподақ орталығы» ПОАКҰ;
  26. 2018ж.28.08 «SMAK-PV» ЖШС, «Смак Дистрибьюшн» ЖШС және Калиев Б.К.» ЖК еңбек ұжымен кездесу өтті.
  27. 2018ж.18.09. «ERTIC» Павлодар облыстық телеарнасында Департамент басшысының орынбасары Г.Дмитриеваның  қатысуымен «Бірінші студия» бағдарламасында «ҚР Зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер» тақырыбында тікелей эфир өтті.
  28.  2018ж.14.09  «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ ғимаратныда № 2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бастығы Л.А.Муликованың қатысуымен «Ашық есік» күні өтті.
  29.  2018ж.10.09 «Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы» және 2018ж.01.07. бастап базалық зейнетақы төлемдері мөлшерінің өзгеруі бойынша Департамент басшысының орынбасары Г.В.Дмитриеваның  қатысуымен «Павлодар қаласының № 30 Жалпы білім беретін орта мектебі» ММ;
  30. 2018ж.11.09 «Павлодар қаласының № 40 Жалпы білім беретін орта мектебі» ММ;
  31. 2018ж.19.09 «Павлодар машина жасау колледжі» МКҚК еңбек ұжымдарымен кездесу өтті.
  32. 2018ж.20.09 «БЖЗҚ»  ПОФ АҚ ғимаратныда Департамент басшысы Е.В.Губаревтің қатысуымен «Ашық есік» күні өтті.

               Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойыншадепартаментіменхалықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру 2018 жылғы 9 ай үшін ақпарат

      Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша   департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі 2018 жылғы 9 айында ҚР  мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы  және арнаулы әлеуметтік  қызметтер туралы заңнамалары  талаптарын сақтау барысына қатысты 9 (2017 жылғы 9 ай бойынша - 15) тексеріс жүргізілді. 2018 жылғы 9 ай бойынша мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы 8 (2017 жылғы 9 ай бойынша - 14) ішінара тексерістер өткізілді.  Жоспардан тыс – 0 (2017 жылғы 9 ай бойынша - 1). 2018 жылғы 9 ай бойынша тексерістің өзге нысаны – 1.

      Жүргізілген тексеру  қорытындылары бойынша  департаменттің лауазымды тұлғаларымен 2018 жылғы 9 айында 10 ұйғарым берілді, 2017 жылғы 10 айында – 19 ұйғарым.  2018 жылғы 9 ай бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар жоқ.

      Мемкемелердің басшылардың жазбаша ақпараты бойынша жоғарыда көрсетілген мекемелерде ұйғарымдарды толық орындау қаржылық шығындарды талап етеді (пандусты кенейту, кіреберістерді кенейту), бірақ ұйғарымда көрсетілген мерзімде орындауға міндеттенеді. Ұйғарымдардың орындалуы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша   департаментінің бақылауында болады.

Кадрлық жұмыс

«Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Павлодар облысыбойынша депратаменті» РММ-нің (әрі қарай- Департамент) штаттық саны 41 бірлік құрайды, қызметкерлердің нақты саны 40 адам.

2018 жыл басынан 3  осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметкерлері арасында ішкі конкурс, 2 барлық мемлекеттік қызметкерлері арасында ішкі, 2 жалпы конкурс өткізілді. 2 бос орын жабылды.

2018 жылғы 1 қазан  жағдай бойынша 1 бос орын пайда болды – халықты әлеуметтік қорғау саласында бақылау жөніндегі бөлімінің бас маманы.

Мемлекеттік қызметкерлірдің 2018 жылғы 1 жартыжылдығына жұмысын  бағалау өткізу жолымен департамент қызметкерінің құрамына сапалы және санды сараптама өткізілді. Департаменттің 36 әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің қызметі   «тиімді» деп бағаланды.

Атқарушылық тәртіп

2018 жылғы 9 айда   Департаментке 8757  хат келіп түсті (2017-8536), соның ішінде Министрліктен- 200 (2017-201), облыс әкімінің аппаратынан- 13 (2017-11), басқа ұйымдар мен мекемелерден және азаматтардан- 8544 (2017-8324).

          Аппаратта 8104 хат орындалып жіберілді (2017-7802), соның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша- 4738 (2017-5175).

          Жеке және заңды тұлғалардан 2018 жылғы 9 айда 4806 өтініш түсті (2017-5262), соның ішінде жазбаша- 4780 (2017-5230), ауызша -26 (2017-32).

Жазбаша өтініштер саны ішінен 4738 өтініш қаралды (2017-5175), олардың ішінде 1391 өтінішке түсіндірме берілді (2017-1325), қанағаттандырылған өтініштер саны-212 (2017-241), тиістілігі бойынша жіберілген өтініштер саны 3131 (2017-3607), бас тартылды-0 (2017-1), қаралуы тоқтатылды-3 (2017-0).

15 күнге дейін 4736 өтініш қаралды (2017-5175), 30 күнге дейін -2 (2017-0).    

          Келіп түскен өтініштердің жалпы саны ішінен 1668 өтініш (2017.-1697), 8- шағым (2017-19), 3130 -басқа да өтініштер (2017-3546). Шағымдар зейнетақы төлемдерінің тағайындалуымен және мүгедектік тобын белгілеуімен келіспеу  мәселелеріне қатысты болды. Зейнетақы және медициналық істерінің материалдарын тексеру қорытындылары бойынша өтініш берушілерге заңанамалық актілерге сілтеме жасалып толық жазбаша түсіндірмелер жіберілді.

2018 жылғы жарты жылдық Департаменттің  кінәрат-қуыным жұмыс туралы ақпарат

Есептік кезең аралығында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаментімен Павлодар облысы соттарында азаматтық істер бойынша нақты жұмыс атқарылды.

Арыз беруші ретінде: 4 талап арызы жіберілді, оның ішінде 4 арыз қаралды және қанағаттандырылды:

  1. 1978 жылы 22 мамырда туған Айбеков Қонысбек Құлахметұлын хабарсыз кеткен деп тану жөніндегі Екібастұз қалалық сотының 2011 жылғы 1 тамыздағы шешімін жою туралы Департаменттің талап арызы.
  2. 1980 жылы 20 желтоқсанда туған Артюнина Оксана Юрьевнаның хабарсыз кеткен деп тану жөніндегі Екібастұз қалалық сотының 2013 жылғы 25 қырқүктегі шешімін жою туралы Департаменттің талап арызы.
  3. 1972 жылы 20 маусымда туған Даценко Виталий Геннадьевичтың хабарсыз кеткен деп тану жөніндегі Ертіс аудандық сотының 2016 жылғы 20 маусымдағы шешімін жою туралы Департаменттің талап арызы.
  4. 1985 жылы 14 тамызда туған Мельник Ольга Алексеевнаның хабарсыз кеткен деп тану жөніндегі Екібастұз қалалық сотының 2014 жылғы 22 қантардағы шешімін жою туралы Департаменттің талап арызы.

Жауап беруші ретінде: 8 талап арызы, олар бойынша 7 азаматтық іс қаралды, оның ішінде 5 талап арызы қанағаттандырылмады, 2 талап арызы қанағаттандырылды, 1 талап арызы қараусыз қалдырылды.

Н.Г. Баламожновтың және П.Т. Курышинның талап арызы қанағаттарылды.

Н.А. Припадчеваның, Т.К. Айтмагамбетованың, В.К. Кириченконың, В.С. Демченконың, Ж.С. Кузьговтың талап арызылары қанағаттандырылмады.

Моральдық залалды өтеу туралы А.В. Типикинның талап арызысы қараусыз қалдырылды.