Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне түскен өтініштер бойынша 2019 жылдың 1 жартыжылдығы үшін талдау

2019 жылғы 1 жартыжылдығында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі-Департамент) жеке және заңды тұлғалардан 2928 өтініш келіп түсті (2018ж.-3167). Олардың ішінде зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша 2684 өтініш (2018ж.-2919), мүгедектікті белгілеу және растау мәселелері жөнінде 226 (2018ж.-237), әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша-8 (2018-3), әр түрлі сұрақтар бойынша 10 (2018ж.-18). Жазбаша өтініштердің саны 2915 (2018ж.-3150), ауызша 13 (2018ж.-17). Мемлекеттік тілде түскен өтініштердің саны 30 (2018ж.-26), орыс тілінде 2898 (2018ж.-3141).

          Жазбаша өтініштер саны ішінен 2867 өтініш қаралды (2018ж.-3061), олардың ішінде 947 өтінішке түсіндірме берілді (2018ж.-756), қанағаттандырылған өтініштер саны-143 (2018ж.-133), тиістілігі бойынша жіберілген өтініштер саны 1776 (2018-2171),  қаралуы тоқтатылды-1 (2018-1). 15 күнге дейін 2863 өтініш қаралды (2018ж.-3059), 30 күнге дейін -3 (2018ж.-2), 30 күннен астам, мерзімі ұзартылып-1 (2018-0).    

          Келіп түскен өтініштердің жалпы саны ішінен 1114 өтініш (2018ж.-1009),        4- шағым (2018ж.-7), 1810 -басқа да өтініштер (2018ж.-2151). Шағымдар зейнетақы төлемдерінің тағайындалуымен және мүгедектік тобын белгілеуімен келіспеу  мәселелеріне қатысты болды. Зейнетақы және медициналық істерінің материалдарын тексеру қорытындылары бойынша өтініш берушілерге заңанамалық актілерге сілтеме жасалып толық жазбаша түсіндірмелер жіберілді.

            Келіп түскен өтініштер саны ішінен зейнетақы және жәрдемақыларды тағайындау сұрақтарының 90  % еңбек кітапшадағы қате жазуларға байланысты еңбек өтілді есептеуіне қатысты болды. Осы өтініштер бойынша заңды фактіні анықтау үшін сот органдарына өтіну қажет екендігі туралы ұсынымдар беріледі.

          Медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне түсетін өтініштер негізінде мүгедектік туралы анықтаманың жоғалуына байланысты мүгедектік тобын растауына қатысты болды.        

          ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015ж. 30 қаңтардағы №44 бұйрығының 36-т. бойынша мүгедектік туралы анықтамасы жоғалған кезде мүгедектіктін жазбаша расталуы беріледі.

Сонымен қатар, медициналық ұйымдармен медициналық-әлеуметтік сараптамаға дәлелді жіберу және МӘС-қа құжаттарды сапалы толтыру, Медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу ережелерін түсіндіру жөнінде үнемі семинарлар өткізіледі.

Департаментке келіп түскен өтініштер, соның ішінде электрондық порталдан,   электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (ЭҚАБЖ) уақытылы тіркеледі. Өтініш берушілерге (жазбаша өтініштер бойынша) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу ережелеріне сәйкес, бірегей нөмірі көрсетілген, өтінішті қабылдау туралы талон беріледі. 2019 жылғы 1 жартыжылдықта 878 талон берілді (2018ж.-682).

Департаменттің құзырына қаралуы жатпайтын өтініштер 3 жұмыс күні ішінде тиістілігі бойынша басқа органдарға қаралу үшін уақытылы жіберіледі. Бұл жөнінде өтініш берушілерге олардың өтініштері басқа субъектілерге қаралу үшін жіберілгені туралы хабарланады. Тиістілігі бойынша жіберілген өтініштердің негізін РФ зейнетақы қорларынан келіп түскен өтілді растау туралы мұрағаттық анықтамаларды ұсыну мәселесі жөніндегі сұраныстар құрайды.

Өтініштерге берілген жауаптарда өтініш берушілерге қабылданған шешімге шағымдану құқықтары түсіндіріледі. Өтініштерге жауаптар өтінген тілде,  грамматика және стилистика ережелері сақталуымен беріледі.

Сонымен қатар, Департаментте халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ, қала кәсіпорындары  және ұйымдар ұжымдарымен кездесулер өткізіледі. 2019 жылғы 1 жартыжылдықта халықпен 5 кездесу (2018ж.-12), ұжымдармен 26 (2018ж.-21) кездесу өткізілді; телеарналардан сөз сөйлеу саны- 5 (2018ж.-5); радиодан-1 (2018-0); баспа-басылымдарда 3 мақала шықты (2018ж.-4); меморгандардың кеңестеріне қатысу- 0 (2018ж.-0).

 

Қаржы және ұйымдық-техникалық

қамсыздандыру бөлімінің

бас маманы

Айдаркенова Ж.