Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне түскен өтініштер бойынша 2017 жылы үшін талдау

2017 жылы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі-Департамент) жеке және заңды тұлғалардан 6817 өтініш келіп түсті (2016ж.-2833). Олардың ішінде зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша 6277 өтініш (2016ж.-2307), мүгедектікті белгілеу және растау мәселелері жөнінде 510 (2016ж.-496), әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша-4 (2016-0), әр түрлі сұрақтар бойынша 26 (2016ж.-30). Жазбаша өтініштердің саны 6744 (2016ж.-2745), ауызша 73 (2016ж.-88). Мемлекеттік тілде түскен өтініштердің саны 48 (2016ж.-44), орыс тілінде 6769 (2016ж.-2324).

Жазбаша өтініштер саны ішінен 6730 өтініш қаралды (2016ж.-2738), олардың ішінде 1858 өтінішке түсіндірме берілді (2016ж.-1217), қанағаттандырылған өтініштер саны-329 (2016ж.-255), тиістілігі бойынша жіберілген өтініштер саны 4540 (2016ж.-1264), бас тартылды-1 (2016ж.-0), қаралуы тоқтатылды-1 (2016-2) қаралмастан есептен шығарылды-1 (2016-0). 15 күнге дейін 6730 өтініш қаралды (2016ж.-2737), 30 күнге дейін -0 (2016ж.-1).    

Келіп түскен өтініштердің жалпы саны ішінен 2275 өтініш (2016ж.-1563), 21- шағым (2016ж.-12), 4521 -басқа да өтініштер (2016ж.-1258). Шағымдар зейнетақы төлемдерінің тағайындалуымен және мүгедектік тобын белгілеуімен келіспеу  мәселелеріне қатысты болды. Зейнетақы және медициналық істерінің материалдарын тексеру қорытындылары бойынша өтініш берушілерге заңанамалық актілерге сілтеме жасалып толық жазбаша түсіндірмелер жіберілді.

Келіп түскен өтініштер саны ішінен зейнетақы және жәрдемақыларды тағайындау сұрақтарының 90  % еңбек кітапшадағы қате жазуларға байланысты еңбек өтілді есептеуіне қатысты болды. Осы өтініштер бойынша заңды фактіні анықтау үшін сот органдарына өтіну қажет екендігі туралы ұсынымдар беріледі.

Медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне түсетін өтініштер негізінде мүгедектік туралы анықтаманың жоғалуына байланысты мүгедектік тобын растауына қатысты болды.        

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015ж. 30 қаңтардағы №44 бұйрығының 36-т. бойынша мүгедектік туралы анықтамасы жоғалған кезде мүгедектіктін жазбаша расталуы беріледі.

Сонымен қатар, медициналық ұйымдармен медициналық-әлеуметтік сараптамаға дәлелді жіберу және МӘС-қа құжаттарды сапалы толтыру, Медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу ережелерін түсіндіру жөнінде үнемі семинарлар өткізіледі.

Департаментке келіп түскен өтініштер, соның ішінде электрондық порталдан,   электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (ЭҚАБЖ) уақытылы тіркеледі. Өтініш берушілерге (жазбаша өтініштер бойынша) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу ережелеріне сәйкес, бірегей нөмірі көрсетілген, өтінішті қабылдау туралы талон беріледі. 2017 жылы 1548 талон берілді (2016ж.-926).

Департаменттің құзырына қаралуы жатпайтын өтініштер 3 жұмыс күні ішінде тиістілігі бойынша басқа органдарға қаралу үшін уақытылы жіберіледі. Бұл жөнінде өтініш берушілерге олардың өтініштері басқа субъектілерге қаралу үшін жіберілгені туралы хабарланады. Тиістілігі бойынша жіберілген өтініштердің негізін РФ зейнетақы қорларынан келіп түскен өтілді растау туралы мұрағаттық анықтамаларды ұсыну мәселесі жөніндегі сұраныстар құрайды.

Өтініштерге берілген жауаптарда өтініш берушілерге қабылданған шешімге шағымдану құқықтары түсіндіріледі. Өтініштерге жауаптар өтінген тілде,  грамматика және стилистика ережелері сақталуымен беріледі.

Сонымен қатар, Департаментте халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ, қала кәсіпорындар  және ұйымдар ұжымдарымен кездесулер өткізіледі. 2017 жылы халықпен 13 кездесу (2016ж.-32), ұжымдармен 52 (2016ж.-27) кездесу өткізілді; телеарналардан сөз сөйлеу саны- 9 (2016ж.-5); баспа-басылымдарда 6 мақала шықты (2016ж.-8); меморгандардың кеңестеріне қатысу- 0 (2016ж.-16). 

 

Қаржы және ұйымдық-техникалық

қамсыздандыру бөлімінің

бас маманы

Айдаркенова Ж.