Екібатұз қ. психоневрологиялық диспансерінің дәрігерлерімен семинар–кеңес өткізу туралы

Екібатұз қ. психоневрологиялық диспансерінің дәрігерлерімен  семинар–кеңес өткізу туралы

Мамандандырылған медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары 2019 жылғы 17 маусымда Екібастұз қ. психоневрологиялық диспансерінің дәрігерлерімен "Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы тақырыбы бойынша семинар –кеңес өткізді.

         Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 271 бұйрығына сәйкес протездік-ортопедиялық көмек және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды ұсынуға медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер мынадай мазмұндағы 4.5-1-жолмен толықтырылсын:

      "

4.5-1

Spіna bіfіda диагнозы бар мүгедек балаларға арналған бір рет қолданылатын катетерлер

Spіna bіfіda диагнозы бар мүгедек балаларда қуықты өздігінен босатуға толық немесе жартылай қабілетсіз болған кезде

 

 

Сонымен қатар семинарда "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі мен ЭЦҚ-сы болған кезде мүгедектікті растау немесе мүгедектік туралы мәліметтердің болмауы туралы ақпаратты www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-портал арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар туралы тақырыбын талқыланды.

 

 

Қазақ