Баянауыл ауданындағы көшпелі отырыс

Баянауыл ауданындағы көшпелі отырыс

 2019 жылғы 12-13 қыркүйекте бекітілген кесте бойынша № 4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі ауруларды және мүгедектерді куәландыру, композиттік қызмет көрсету мақсатында көшпелі отырыс өткізу үшін Баянауыл ауданына барды.

Барлық куәландырылған мүгедектер саны – 16 адам, оның ішінде алғашқы рет мүгедек болып танылғандар –6 адам, 5 оңалтудың жеке бағдармасы әзірленді, 6 композиттік қызмет көрсетті.

Сонымен қатар, № 4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары "Баянауыл аудандық орталық ауруханасы"  дәрігерлеріне  сапасы бойынша жоғары медициналық-әлеуметтік сараптама, "Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы тақырыбы бойынша семинар –кеңес өткізді.

         Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 271 бұйрығына сәйкекес протездік-ортопедиялық көмек және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды ұсынуға медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер мынадай мазмұндағы 4.5-1-жолмен толықтырылды:

      "

4.5-1

Spіna bіfіda диагнозы бар мүгедек балаларға арналған бір рет қолданылатын катетерлер

Spіna bіfіda диагнозы бар мүгедек балаларда қуықты өздігінен босатуға толық немесе жартылай қабілетсіз болған кезде

Қазақ